АҚШ соты Қазақстанды қоса алғанда, жалпы 75 елдің азаматтарына иммиграциялық виза беруді шектеген шешімнің күшін жойды, деп хабарлайды Alash.kz.
Осы жылдың қаңтар айында Дональд Трамп әкімшілігі Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және өзге де бірқатар мемлекеттерден келетін азаматтарға иммиграциялық виза рәсімдеуді уақытша тоқтатқан еді. Ал АҚШ Мемлекеттік департаменті аталған шектеуді өзге елдерден ағылған мигранттардың ел бюджетіне қосымша салмақ түсіру қаупімен негіздеуге тырысқан болатын.
Алайда сот ісін қараған судья Дженнет Варгас бұрынғы қабылданған бұл шешімді ашық түрде заңсыз деп тапты. Оның шығарған қаулысына сәйкес, Мемлекеттік хатшы Марко Рубио өз билігі мен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланған. Өйткені қолданыстағы заңнама талаптары бойынша консулдық қызметкерлерге тек тұлғаның азаматтығына қарап иммиграциялық виза беруге тыйым салуына ешқандай құқық берілмейді.