Қазақстанның бірінші, әлемнің 2-ракеткасы Елена Рыбакина жарақатына байланысты АҚШ ашық чемпионатында (US Open) аралас сында ойнаудан бас тартты, деп хабарлайды Alash.kz.
Бастапқы жоспар бойынша отандасымыз микст бәсекесінде америкалық теннисші Тейлор Фрицпен тандем құрып, кортқа шығуы тиіс болатын. Алайда енді оның орнын әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула басады. Аралас жұптар арасындағы бұл дода Нью-Йорктегі жекелей сын басталар алдында, дәлірек айтқанда 24-26 тамыз аралығында өтеді.
Елена Рыбакинаның жарыстан бас тартуына жарақаты себеп болды. Ол жақында АҚШ-тың Цинциннати қаласында өткен WTA 1000 турнирінің төртінші айналымында әлемнің 5-ракеткасы, польшалық Ига Швентекпен ойын кезінде сол аяғын жарақаттап алып, матчты аяқтай алмаған еді. Қазіргі таңда қазақстандық спортшының бұл жағдайы бүкіл теннис қауымдастығын алаңдатып отыр.
Ал оның орнына миксте өнер көрсететін Джессика Пегула Цинциннатидегі турнирдің жартылай финалында Ига Швентекті 7:5, 4:6, 6:4 есебімен ұтып, шешуші бәсекеге жолдама алды. Ол финалда әлемнің 4-ракеткасы, өзінің отандасы Кори Гауфпен бас жүлдені сарапқа салады. Өз кезегінде К. Гауфф жартылай финалда рейтингте 35-орында тұрған 20 жастағы чехиялық теннисші Сара Бейлектен 6:4, 6:1 есебімен басым түсті.