Ақордада өткен кулуарлық кездесуде премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Астанадағы жеңіл рельсті көлік (LRT) жүйесін сынақтық режимде іске қосу 2025 жылдың соңына жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп жазады Alash.KZ.
Бұған дейін жоба биыл пайдалануға беріледі деп күтілген.
Сынақтық режимдегі іске қосу келесі жылдың соңына белгіленді,
– деп нақтылады Скляр.
Qaz365.kz телеграм арнасы жазғандай, Скляр жолаушылар тасымалы да 2025 жылы басталады деп мәлімдеді.