Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Лицензиясынан айырылуы мүмкін»: Жұлдыз Сүлейменова мектепте хиджаб кию мәселесіне нүкте қойды

18:00, 08 қыркүйек 2026

Мектеп оқушыларына хиджаб киюге рұқсат берген жекеменшік мектептер лицензиясынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Alash.kz. 

Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.

Үкіметте БАҚ өкілдері Министрге кейбір жекеменшік білім беру ұйымдарында оқушылардың діни киім үлгісімен жүруіне рұқсат берілуі қаншалықты заңды деген сауал қойған еді. Өз кезегінде министр аталған жағдайдың бекітілген білім беру стандарттары мен ішкі тәртіп талаптарына толықтай қайшы келетінін баса айтты.

«Бізде бірыңғай мектеп формасы бар. Барлық мектеп осы талаптарға сай болуы керек. Иә, мұндай жағдайлар кездеседі. Біз олармен жұмыс істеп жатырмыз, бізбен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитеті де жұмыс істейді. Әкімдермен, әкімдіктермен және жергілікті атқарушы органдармен бірге жұмыс істейтін үлкен комиссиямыз бар. Сондықтан қазір, оқу жылының басында, мұндай мектептер жоқ. Өткен жылы, соның ішінде жекеменшік мектептер арасында да, мұндай мектептер болған», - деді министр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар