Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Кимді кім кетірді?

10:33, 17 тамыз 2024 1222

Қазақстан таэквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким өз еркімен қызметінен кетті, деп хабарлайды Alash.KZ.

Федерацияның ресми сайтының мәліметінше, Вячеслав Ким бұл шешімге ҚТФ президенті ретіндегі жұмысы кезінде қол жеткізілген барлық жетістіктерді ұзақ ойлау және бағалау нәтижесінде келген. 

"2013 жылы таэквондо федерациясының басшылығына тағайындалғанда менің басты мақсатым – осы спорт түрін елімізде дамытып, танымал ету болды. Осы жылдар ішінде біз бірге елеулі табыстарға қол жеткізгенімізді мақтанышпен айта аламын. Күн сайын ҚТФ ұжымы мен спортшыларымыздың өсіп-өркендеуіне жағдай жасау мақсатында жұмыс істедім.

Біздің жоғары деңгейдегі турнирлерді өткізуге әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де бар, бұл жол өз жалғасын табады деп сенемін. Бүгін эстафетаны тапсыра отырып, осы жолда менімен бірген болған барлық әріптестеріме, спортшыларға, жаттықтырушылар және бізді қолдаған әрбір адамға алғысымды білдіргім келеді. Бұл жол жалғасын тауып, күн сайын жаңа жеңістер әкелсін", – делінген экс-басшының мәлімдемесінде.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар