Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Киевтегі оқиға. Мемлекет басшысы қазақстандық журналиске жасалған қастандыққа пікір білдірді

13:38, 19 маусым 2024 516

Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте Қазақстан журналисіне жасалған қастандық әрекетке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Елімізде Заң үстемдігін нығайтып жатырмыз, яғни барлық салада, ең алдымен, Заң үстемдігін қамтамасыз ету – басты міндет. Бұл мәселе бойынша менің көзқарасым – айқын. Мұны өздеріңіз де жақсы білесіздер. Қазақстанда Заң мен тәртіп бәрінен биік тұруға тиіс. Сондықтан қоғамдағы барлық қарама-қайшылықтар мен келіспеушіліктерді тек қана құқықтық тұрғыдан, яғни тиісті Заңнамаға және негізгі халықаралық нормаларға сәйкес шешу қажет. Кеше Қазақстан азаматы Айдос Садықовқа қатысты Киевте болған қылмысқа да дәл осы ұстаным тұрғысынан қараған жөн. Мен дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы осы оқыс оқиға бойынша ресми сұратулар жіберу туралы нақты тапсырма бердім. Сондай-ақ қажет болған жағдайда Қазақстанның ресми органдары істің ақиқатына жетуге жәрдем беру үшін тергеу жұмысына қатысуға дайын екенін айтқым келеді, – деді Президент.

Еске сала кетейік, Киевте қазақстандық оппозициялық журналист Айдос Садықов оққа ұшты. 

Оқиға туралы бірінші болып Украина Ұлттық полициясының баспасөз қызметі хабарлаған. Олардың айтуынша, Киев полициясының 102-нөміріне В.Ярмола көшесінде (Шевченко ауданы) атыс естілгені туралы хабарлама түскен. Осыдан кейін жедел қызметкерлер көрсетілген мекенжайға аттанды.

Бұған дейін тәртіп сақшылары көшеде тоқтап тұрған көлікке белгісіз біреудің жақындап келіп оқ жаудырғанын, содан кейін ол із-түзсіз жоғалып кеткенін анықтаған. Көлікте қазақстандық журналист пен әйелі отырған. Әйел зардап шекпегені айтылуда. Садықовтың жағдайы белгісіз.

Оқ тиіп жараланған қазақстандық оппозициялық журналист Айдос Садықов. Қазір оқиға орнында барлық құзырлы органдар жұмыс істеп жатыр, заңгерлік кеңес беру мәселесі шешіліп, оқ атқан адамды іздестіруде, деп жазады басылым.

Айта кетейік, Айдос пен Наталья Садықовтар «BASE» YouTube арнасының негізін қалаушылар. Аталған арнада журналистер Қазақстан билігі мен олигархтарды сынға алады. Садықов сонымен қатар 2022 жылдың қаңтарында ҰҚШҰ әскерлерінің елге кіруіне қарсы болуымен танымал. 2023 жылдың қазан айында оған «өшпенділік тудырды» деген айыппен Қазақстанда іздеуге жарияланды.

Оның арнасындағы соңғы видео бүгін «Қазақстан президенті ресейлік ықпалды агенттердің қуыршағына айналды» деген тақырыппен жарияланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар