Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Күзетшілерді таппай қалған". Астанада сауда орталығына барғандарға пышақ ала жүгірген 19 жастағы жігіт жайлы сұмдық дерек шықты

10:23, 29 тамыз 2026

Астанадағы «Abu Dhabi Plaza» сауда-ойын-сауық орталығында қолына пышақ ұстаған жігіт сатушылар мен келушілерді қорқытқан. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға сауда орталығының жұмыс уақыты аяқталуға жақын болған кезде болған. Белгісіз жас жігіт дүкендердің біріне кіріп, электронды темекі талап етіп, сатушыны пышақпен қорқытқан. Кейін тауар сатып алған куәгердің әріптесін аңдып, оның жұмыс істейтін бутигіне кірген.

Куәгерлердің бірі сауда орталығындағы күзет қызметінің әрекетіне наразылық білдірген. Оның айтуынша, оқиға кезінде көмек іздеп, бірінші қабатты аралағанымен, күзетшілерді бірден кездестіре алмаған.

Полицияға қолында пышағы бар адамның сауда орталығында жүргені туралы хабар түскен соң, тәртіп сақшылары оқиға орнына барған. Құқық бұзушының 19 жастағы азамат екені анықталып, полиция басқармасына жеткізілген.

Полиция мәліметінше, тексеру барысында жас жігіттің пышақты үйінен алып келгені анықталған. Сонымен қатар оның денсаулығына қатысты мәселелері болған. Оған жедел жәрдем шақырылып, кейін әкесіне тапсырылған.

Оқиға бойынша сауда орталығының әкімшілігіне келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осындай жағдайға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөнінде ұйғарым енгізілді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар