Бүгін, 15 қазанда Украина президенті Владимир Зеленский Одесса қалалық әскери әкімшілігін құру туралы жарлыққа қол қойды, деп жазады Alash.kz.
"Одесса облысының Одесса ауданы аумағында Одесса қалалық әскери әкімшілігі құрылсын. Украина Қарулы күштері Бас штабы мен Одесса облыстық мемлекеттік әкімшілігіне "Соғыс жағдайының құқықтық режимі туралы" заңға сәйкес тиісті шараларды жүзеге асыру тапсырылсын", – делінген құжатта.
Сонымен қатар, Зеленскийдің тағы бір жарлығымен бұрын Днепропетровск облыстық әскери әкімшілігін басқарған Сергей Лысак Одесса қалалық әскери әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. Бұған дейін ол алдыңғы қызметінен босатылған болатын.