Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Курск облысын минадан тазартқан саперлар Солтүстік Кореяға оралды. Оларды Ким Чен Ын қарсы алды

09:15, 14 желтоқсан 2025

Салтанатты рәсім 12 желтоқсанда өтті. Солтүстік Кореяның басшысы рәсім кезінде сөз сөйлеп, 9 сарбаздың опат болғанын айтты, деп жазады Alash.KZ.

Солтүстік Корея Ресейге әскер жібергенін алғаш рет биыл сәуір айында растаған. Оңтүстік Корея барлау қызметінің мәліметінше, 2024 жылы тамызда Украина әскері Ресейдің Курск облысына басып кіргеннен кейін Пхеньян Ресейге шамамен 16 мың әскери қызметкерін жіберген.

Украина әскері Курскіден кеткеннен кейін мыңы сол аумақты минадан тазартумен айналысқан. Reuters-тің жазуынша, Солтүстік Корея шайқаста 6 мың әскерінен айырылған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар