Әнші Кенжебек Жанәбіловтың жары Жәмилә Төлегенова желідегі парақшасында жолдасының денсаулығына қатысты жазба жариялады, деп жазады Alash.kz.
Оның айтуынша, Кенжебек денсаулығына үнемі көңіл бөліп, жылына екі рет толық тексеруден өтіп жүрген. Алайда әншінің аяқ астынан мұндай жағдайға тап болғаны Жәмилә үшін күтпеген жағдай болған.
«Жылына екі рет “Check-up” жасатып, күш-қуат беретін препараттар алғызып қарап жүрген жігітім. Көз тиді ме, сөз тиді ме, топ ете қалды ғой. Алла ұзақ өмір берсін. Сүрінген мен бүлінгенді сез етпе!» – деп жазды ол.