Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Корея қақтығысқандарға қару сатып қарық болды. Владимир Путин Солтүстік Кореяға барды

09:35, 19 маусым 2024 645

Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяға барды, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы. 

Пхеньян әуежайында Ресей президентін КХДР жетекшісі Ким Чен Ын құшақ жая қарсы алды. Бұл жайлы Кремль хабарлады. Жақын арада олар келіссөздер жүргізуі керек.

Путиннің Солтүстік Кореяға сапары екі күнге созылады. 19 маусымда Путиннің түрлі форматтағы келіссөздері, соның ішінде Ким Чен Ынмен жеке кездесуі жоспарланған.

Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Путиннің сапары барысында бірлескен құжаттарға қол қою жоспарланғанын, оның ішінде Ресей мен КХДР арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестік туралы жаңа келісім жасалғанын айтты.

Батыс бұқаралық ақпарат құралдары Ресейдің КХДР-мен әскери ынтымақтастығы күрт күшейгенін жазады. Атап айтқанда Украина аймағында пайдалану үшін Ресейдің Солтүстік Корея снарядтары мен зымырандарын сатып алғаны туралы бірнеше рет жазылды.

Ресей Федерациясының әскерлері Солтүстік Кореяның зымырандарын Украина аумағына соққы беру үшін қолданад.  Бұл жайлы бұған дейін АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілдері мәлімдеген еді.

Бұл Путиннің 2000 жылдан бері Солтүстік Кореяға жасаған алғашқы сапары. Ол  КХДР-дің бұрынғы жетекшісі Ким Чен Ирмен, яғни Ким Чен Ынның әкесімен кездескен-тұғын.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар