Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көптен бері көрінбей кеткен Дариға Назарбаева жабық іс-шарада бой көрсетті

21:19, 08 қыркүйек 2025 421

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева "Целинный" орталығының жабық іс-шарасында бой көрсетті, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

Stan.kz мәлімдеуінше, жеке іс-шара 8 қыркүйекте жаңартылған заманауи мәдениет орталығында өтті. Айта кетейік, "Целинный" орталығына үш күн ішінде Назарбаевадан бөлек 12 мың қонақ келген. Куәгерлер Назарбаеваның шараға жалғыз келгенін, жанында оққағарлары болмағанын айтады. 

Айта кетейік, Дариға Назарбаева "Целинный" заманауи мәдени орталығының негізін қалаушы Қайрат Боранбаевтың бұрынғы құдасы. Боранбаевтың қызы Әлима Дариға Назарбаеваның ұлы Айсұлтанға тұрмысқа шыққан еді. Айсұлтан Назарбаев 2020 жылы көз жұмды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар