Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Көп әйел алған азаматтардың қор боп жүргенін білем - Нұрлан имам (Видео)

16:43, 24 ақпан 2025 381

Ел ішінде тик-токер имам атанып кеткен Нұрлан Байжігітұлы көп әйел алуға өз ойын айтты, деп жазады Alash.KZ.

Әдетте имамдардың көбі шариғат талабы бойынша азаматтарға төрт әйелге дейін алуға болатынын ескертіп, еркектердің құлағын көтеруші еді.

Ал Нұрлан Байжігітұлы көп әйел алуға қарсы екенін айтты. Белгілі тележурналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында: 

"Көп әйел алуды жақтырмаймын, ұнатпаймын. Менде біреу-ақ. Өте қарсымын. Өйткені алған азаматтардың өмірінің қор боп жүргенін білем. Әйелдердің жылап жүргенін жақсы білем. Бізде көп әйелді әділдікпен ала алмайды. Ішінара бар шығар. Бірақ олардың ішінде де талай қайғы-мұң бар жарылмай жүрген. Әділеттікпен ұстай алмаймыз. Құранда да солай жазылған. Әділетті бола алмасаң біреуі жақсы дейді. Біздің азаматтар екінші әйелді алып алады да, содан кейін әділетті ойлайды" дейді имам.    

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар