Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Кінә өзінен болған”. Күйеуі атқа сүйреп өлтірген марқұм келіншектің өліміне қатысты сұмдық дерек шықты

21:25, 21 шілде 2025 971

Жетісу облысында күйеуі атқа сүйреп, азаптап өлтірген марқұм Айзат Жұманова жайлы құрдасы тың дерек айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы Democrat.kz сайтына сілтеме жасап.

"Айзатты да, жолдасын да жақсы танимыз. Өте жақын араластық. Құрдастар болып, бір-бірімізге барыс-келісіміз жақсы еді. Бірнеше күннен бері "Айзаттың өзінен де кінә болған" дегенге саятын пікірлер жазылуда.

Айтқым келгені, не болып, не қойғанын әзірге ешкім білмейді. Марқұмның артынан ондай жаман сөз айтпайық. 

Айзат та, күйеуі де жап-жақсы адамдар болатын. Екеуінің арасында әлдебір араздық, ұрыс-керіс болғанын араласып жүрген осы 3 жылда көрген емеспіз. Айзаттың өте жақсы келіншек болғанын көзіміз көрді. 

Отбасылық достарымыз болды. Айбар бәлкім бірдеңе ішті ме, шекті ме, кім білсін. Көзі байланып қалды ма, білмеймін. Қалай десек те, қылмыс жасалған болса, әркім өз жазасын алады деп сенемін. 

Қалай болғанда да, достарымыздың бірін өлімге, бірін түрмеге қимаймыз. Алайда әділдік орнын табады деп сенеміз", - деген Дана Қасымова жұртты оқиғаның нақты шындығын білмей, албаты пікір жазбауға шақырды. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар