Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Киіктерді “реттеу” осылай жүргізіледі" - Киіктерді торға қамаған видео қоғамда дау туғызды

13:23, 11 қазан 2025 88
 

Әлеуметтік желілерде киіктерді аулаған сәт түсірілген видео тарады. Бұл кадрлар қоғамның наразылығын туғызды, деп хабарлайды Alah.kz сайты Ulysmedia.kz порталына сілтеп.

 

Журналист және ауыл шаруашылығы саласы бойынша сарапшы Кирилл Павлов жариялаған видеода киіктерді тор құрып ұстау әдісі – яғни, аңдардың жолына арнайы тормен қоршау орнату арқылы ұстап жатқан сәті көрсетілген.

– Міне, киіктерді “реттеу” осылай жүргізіледі. Халал талаптарына сай келе ме екен — білгіштер айтсын. Ал киік етін ұнататындарға кортизол мен адреналин дәмі бұйырсын, – деп жазды автор.

Желі қолданушылары жануарларға жасалған мұндай қатігездікті қатаң айыптап жатыр.

Көпшілік аңшыларды «жабайылар» деп атады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар