Кәсіпкер Икрам Абдукаримов танымал спортшы, экс депутат Серік Қонақбаевты рейдерлікпен айналысты, деп айыптады. Кәсіпкердің айтуынша, соңғы үш жыл ішінде оны заңсыз түрде табыс көздерінен және мал мүлкінен айырған, деп жазады Alash.KZ сайты Zakon.kz порталына сілтеме жасап.
Икрам Абдукаримов Астанада өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде, Серік Қонақбаевтың оның өгей әкесі екенін, әуелі оның іскерлік беделін түсіріп, отбасылық қарым-қатынастарын бұзғанын, содан кейін өзінің беделін пайдаланып, рейдерлік әрекеттерді жүзеге асырғанын айтты. Қонақбаев әрекеттерінің нәтижесінде Абдукаримовтар отбасынан "Petroprox" ЖШС-нің 30% үлесі, "SSM Ойл" ЖШС мен "Petroprox" ЖШС-нен табыс алу құқығы, сондай-ақ "ZST Qazaqstan" ЖШС-нің 33% үлесі тартып алынған, деп мәлімдеді Икрам Абдукаримов.
Кәсіпкердің айтуынша, 2020 жылдың басында анасы оны "SSM Ойл" ЖШС-нің басшысы болуға шақырған. Ал 2021 жылдың желтоқсанына қарай Қонақбаевпен келіспеушіліктер басталып, ол Абдукаримовты директор қызметінен босатуды талап еткен.
"Ол сонымен қатар "Petroprox" ЖШС-дегі 30% үлесті сыйға тарту келісім-шартын жарамсыз деп тану туралы екі талап-арыз берді. Сонымен бірге, мені оның үлесін және компанияның іссапар шығындарын ұрлады деп негізсіз айыптап, қылмыстық қудалау бастады. Қылмыстық іс қозғайтынын айтып қорқытып, "ZST Qazaqstan" ЖШС-дегі үлестерді оның қыздарының атына жазуға мәжбүрледі. 2023 жылы ол менің анамды "SSM Ойл" ЖШС-дегі үлесті оның "K-Global Invest" ЖШС-не жазуға көндірді", – деп қосты Абдукаримов.
Оның айтуынша, 2022 жылдың басынан 2023 жылдың бірінші жартысына дейін ол тергеуде және тергеу изоляторында болған. Алдымен сот айыптаған, бірақ 2023 жылдың маусымында апелляциялық алқамен ақталыпты.
"Мен азаматтық сотқа жүгініп, "ZST Qazaqstan" ЖШС-дегі үлесті сыйға тарту келісім-шартын жарамсыз деп тануды талап еттім. Алматы облысының экономикалық сотының 2024 жылдың 27 тамызындағы шешімімен менің талабым қанағаттандырылды, ал 2024 жылдың 21 қарашасында бұл шешім апелляциялық қараудан кейін күшіне енді. Осы сот актілеріне сәйкес, Қонақбаев мені сотталу, бас бостандығынан айырылу, іскерлік беделімді түсіру қаупімен және психологиялық қысым көрсетіп мәмілелер жасауға мәжбүр етті", – деп атап өтті Икрам Абдукаримов.
Оның айтуынша, осы сот шешіміне сүйене отырып, 4 желтоқсанда Алматы қаласының прокурорына қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жою туралы шағым берген.
"Бүгінгі күні менің кінәсіздігім расталғанына және біздің компаниялардың заңсыз тартып алынғаны дәлелденгеніне қарамастан, мүлікті қайтару ісі бір жылға жуық уақыттан бері шешілмей келеді. Бұрын Алматының экономикалық сотында қабылданған шешімдерді Жоғарғы сот төрағасының ұсынысы арқылы қайта қарауды сұраймын. Алайда, азаматтық алқа судьялары менің заңды талаптарымды қолдаудан бас тартып, өтініштерімді 10 ай бойы қарастыруда", – дейді Абдукаримов.
Заңгер Мұрат Кудеринов клиентімен бірге Жоғарғы сотта екі өтініштің қанағаттандырылуын талап етіп жүргендеріне бір жылға жуық уақыт болғанын айтады.
"Талқыланатын сот актілерінің негізінде қылмыстық қудалаудың негізі болған жағдайлар жатыр, бірақ кейін олар ақтау үкімімен негізсіз деп танылды. "Petroprox" ЖШС-не келетін болсақ, шығынның жалпы көлемі – 700 млн теңгеден астам сома, Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы тарапынан дәлелденбеген деп танылды, бірақ бұл шешім осы бөлігінде күшінде қалды", – дейді заңгер.
Екіншіден, олар азаматтық істің сот актісіне ұсыныс енгізуді сұрауда, онда Икрамның қатысуынсыз медиативтік келісім мақұлданған. Нәтижесінде, бұл келісім оның "Petroprox" ЖШС-дегі үлесінен айырылуына негіз болған.
"Талқыланатын сот актісінде және медиативтік келісімдерде Икрамның қатысуы жоқ, ал сол кезде ол компанияның үлесінің меншік иесі болған. Яғни, Алматы соты медиативтік келісімді мақұлдап, мүлкіне қатысты шешім қабылдаған, ал Икрам бұл іске мүлдем тартылмаған. Сондықтан Икрам рейдерлік ісі бойынша және Жоғарғы сотта өтініштерді қайта қарау туралы өтінішпен президентке жүгінді", – деп түйіндеді Кудеринов.
Кәсіпкер танымал спортшыны рейдерлік жасады деп айыптады

Көбірек оқу
14:21, 13 желтоқсан 2024 0
16:32, 13 желтоқсан 2024 0
Дарите женщинам цветы: Қазақтың танымал әншісі сөгіс алып, қара тізімге енді
18:33, 22 ақпан 2025 1307
Қайғылы жағдай: Тұрғын үй өртке оранып, ішінен тірідей жанып кеткен мәйіт табылды
17:27, 22 ақпан 2025 621
Дұғаны дұрыс тілеп жүрсіз бе?: Айнұр Тұрсынбаева береке сұраудың құпиясымен бөлісті
15:37, 22 ақпан 2025 496
Ақтөбеде спорт мектебі директорларының заңсыз жолмен 12 млн теңге табыс тапқаны айтылды
12:10, 22 ақпан 2025 234
"Неміс қызы болсам да, жүрегім «қазақ» деп соғады". Марина Венинг балаларды қазақша оқытып жүр
11:54, 22 ақпан 2025 345
Қызының бойжеткенін қаламаған. Ата-анасы баланы "өсірмеу мақсатында" аш қалдырған
10:55, 22 ақпан 2025 474
"Халқымыз әлі қайыршының күйін кешіп келеді". Белгілі қаламгер Дулат Исабеков жайлы сыр
09:22, 22 ақпан 2025 391
"Айыппұлмен айылын жия ма?" - Feminita бастамасының негізін қалаушыға айыппұл салынды
19:00, 21 ақпан 2025 509
"Екі қолы байлаулы...": депутат Арман Дүйсеновтың ұлының өлімі туралы тың дерек айтты (Видео)
17:23, 21 ақпан 2025 757
"Мен үшін Қонаев әппақ адам емес" - Қонаев туралы сөйлеген журналист жұрттың сынына ұшырады
16:49, 21 ақпан 2025 1111