Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Канело мен Әлімханұлы жекпе-жек өткізуі мүмкін»: Әлем чемпионына ұсыныс түсті

09:54, 27 маусым 2025 220
 

Орта салмақта абсолютті әлем чемпионы Сауль «Канело» Альвареске қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен жекпе-жек өткізу ұсынылды, деп жазады Alash.KZ Orda.kz сайтына сілтеп.  

Boxingnews24.com порталының жазуынша, жанкүйерлер Канелоның мықтылығын дәлелдейтін шынайы жекпе-жектің өткенін күтеді. Көпшілік оны Дэвид Бенавидеспен кездеседі деп үміттенгенімен, мексикалық боксшы жеңіл қарсыластарды таңдауы мүмкін деген болжам бар.

 

«Егер Канело Бенавидеспен кездесуге батылы жетпесе, онда ол міндетті түрде Жәнібек Әлімханұлымен жұдырықтасуы керек. Дегенмен Альварес бұл ұсынысты қабылдай қоймауы да мүмкін. Өйткені Жәнібек — қауіпті қарсылас. Ол жас, тәжірибелі және жылдам. Бұл Канело үшін оңай шайқас болмайды» деп жазады портал.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы қазіргі таңда орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын ұстап тұрған спортшы. Ал Канело болса бұған дейін әлемге танымал қазақстандық Геннадий Головкинді жеңген еді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар