Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Камера жазбаларын көрсетуден бас тартқан»: Балабақшадағы оқиға туралы полиция түсініктеме берді

16:24, 27 қазан 2026

Астанадағы балабақшалардың бірінде бір жарым жасар сәби үстіне ыстық сорпа төгіп алып, денесінің 10 пайызын күйік шалды, деп хабарлайды Alash.kz.

Оқиға елордадағы балабақшада қазан айының басында орын алған. Алайда бұл жағдай туралы ақпарат қоғамға енді ғана белгілі болып отыр. Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, оқиғадан кейін балабақша қызметкерлері өз кінәларын толықтай теріске шығарып, мекемедегі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды көрсетуден бас тартқан.

Аталған жағдайға байланысты Астана қалалық Полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Құқық қорғау органдары балабақша қызметкерінің кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында балабақшадағы бейнебақылау камераларындағы жазбаларды сараптап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар