Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Журналисті сотқа берген": Бишімбаевтар тағы да жеңілді.

14:47, 26 шілде 2024 829

Әйелін ұрып өлтіргені үшін 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы журналистің жалған ақпарат таратуына қатысты сотта жеңіліс тапты деп хабарлайды Alash.KZ.

Астана қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұл істі тоқтату туралы қаулы шығарды, деп жазды “Адырна”. 

Бұдан біраз бұрын У. Бишімбаев пен А. Нұрлыбекова (Қуандық Бишімбаевтың ата-анасы) журналист/блогер Итқұлов Сырымды жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы полицияға арызданған.

Журналист Антикор қызметкерлері Бишімбаевтың қылмыстық ісі бойынша “мәселені оң шешу” үшін 100 миллион теңге сомасында ақшалай қаражат беру кезінде Астана тұрғынын (әйел адам) тұтқындады деген ақпарат таратқан.

«Журналистің жазбасына филолог маман қорытынды жасады, соның негізінде өтініш берушілердің дәлелдері расталмады.

Айта кету керек, Итқұлов мемлекеттік органдар таратқан ақпаратты жариялады», - дейді адвокат Дамир Ишмамбетов.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар