Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Журналистердің арасында да салафизм мен уахабизмді жақтайтындары жетерлік - Ермұрат БАПИ

19:43, 21 маусым 2024 549

Депутат Ермұрат Бапиға бүгін Мәжіліс кулуарында хиджаб мәселесіне байланысты журналистер тағы сұрақ қойған. Депутат бұл жолы эмоциямен жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz ақпарат порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеп.

Хиджаб кигізем деп, баласын мектепке, сабаққа апармайды. Қараңғыға қалдырады. Бұл надандық қой. Мұндай мәселені журналистер де “нагнетать” етіп жатқанын мен білемін. Себебі журналистердің арасында да салафизм мен уахабизмді жақтайтындары жетерлік. Сол салада ресурстар да бар. Солар қазір қоғамдағы мәселені толқытып тұрған ақпараттық жағдай деп ойлаймын, – дейді Ермұрат Бапи.

Дін мәселелерін реттейтін заң күзде Парламентте қаралады. Депутат Ермұрат Бапи бұған дейін осы құжатқа тиісті өзгерістерді ұсынатынын айтқан болатын.

- Құжатта мектепке діни киіммен келу де бар. Оған толық тыйым салынады.  Қоғамдық орында бетті жауып тұратын діни киім киюге тыйым салу да бар. Жаза ретінде ескерту жасалып, айыппұл салу да қарастырылады, – дейді Бапи.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар