Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығына қатысты істі қараудан басын алып қашты

12:20, 19 тамыз 2024 649

Жоғарғы сот Қазақстан Республикасының бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты, деп Alash.KZ ұлттық порталы.

Қазақстан азаматы Қайыргелді Смағұловтың арызын алдын ала қарау бойынша кассациялық алқа өткен. Жиын барысында Назарбаевтың мүлкі мен активтерін мемлекет пайдасы үшін өндіріп алуға бағытталған талабын қарастылылған және одан әрі қарауға негіз жоқ деп танылған.

«Өтініштің дәлелдерін зерделей келе, судья сот актілерін қайта қарауға негіз жоқ деп есептейді», - делінген Жоғарғы соттың қаулысында.

Орайы келгенде айта кетейік, Смағұлов экс-президенттің мүлкін мемлекет пайдасы үшін тәркілеуді сот арқылы шешуге үшінші рет әрекеттеніп отыр.  Ол Назарбаевтың президент ретіндегі әрекеттері бүкіл адамзатқа қауіп төндірді деп есептейді. 

Бұған дейін Астананың ауданаралық азаматтық соты, кейін астаналық сот оның өтінішін қанағаттандырмай тастаған болатын, деп жазды ақпарат көздері.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар