Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Жыныстық, физикалық, тұрмыстық қорлық көрсетті". БАӘ-дегі Қазақстан елшісі әйелін 10 жыл бойы қорлаған

15:18, 06 мамыр 2024 1047

Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі әйелі мен оның үлкен әпкесін ұрып-соққан. Бұл туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жазды, деп хабарлайды alash.kz. 

«Ішкі істер министрлігінен Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі жасап отырған әрекетке араласып, әйелін күйеуінен қорғауды талап етеміз. Ол әйелі мен оның әпкесін ұрып-соққан», - деп жазды белсенді.

Әйелдің өзі видеоүндеу жариялап,10 жылдан бері күйеуінен қорлық көріп келе жатқанын айтады.

«Мен Мамаш Карина Госманқызы БАӘ елшісінің кеңесшісі Мамаш Сәкен Ташкенбайұлының әйелімін. 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келемін. Мен жұбайымның маған көрсеткен бүкіл қорлығы үшін дипломат мәртебесінен айырылып, түрмеге жабылғанын қалаймын. Ол маған физикалық, жыныстық, эмоционалды, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетті», - дейді ол.

Дина Таңсәрі әйелді балаларымен бірге Қазақстанға қайтаруды сұрады. БАӘ елшісі кеңесшісін қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етті.

«Фото мен видео азаптаудың болғанына дәлел. Президент Тоқаевқа, ІІМ, СІМ-ге ресми үндеу жасаймыз. Зорлықшының үстінен қылмыстық іс ашуды талап етеміз!», - деді Дина Таңсәрі.

Ол «Видеоға қараңыздар, Мөлдір Қабылова мен Салтанат Нүкенованың тағдыры қайталанып жатыр» деді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар