Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жетісу облысында бұқаралық спортты дамыту

20:24, 10 маусым 2024 509

Жетісу облысында дене шынықтыру және бұқаралық спортты дамыту бойынша түрлі жұмыстар атқарылуда. Оған мемлекеттік тараптан да кең көлемде қаражаттар бөлініп, саланың дамуына назар аударылуда. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында көрсетілген міндеттер бойынша бірнеше спорт кешендері ашылып, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері маңызды бастамалар көтеруде. Бұқаралық спортты дамыту – бұл қоғамның денсаулығын нығайту, азаматтардың дене шынықтырумен айналысуына жағдай жасау және ұлттық спорт мәдениетін қолдау мен насихаттау мақсатындағы маңызды бағыт. Сонымен қатар, қалың бұқараның салаутты өмір салтын ұстануына басты кепіл болатын, экономикалық белсенділікті арттыратын, әлеуметтік байланыстардың артуына негіз болатын бірден-бір құрал. Осылайша, еліміздің әр өңірінде бұқаралық спортты дамыту жергілікті құзырлы мекемелердің басты назарында.

Жетісу облысында дене шынықтыру және спорттың дамуына ерекше назар аударылуда. Облыста барлығы 1046 спорттық құрылымдар бар, оның ішінде дене шынықтыру спорттық мәндегі нысандар (ДШМ) – 373, білім беру ұйымдарында (БҰ) – 601, спорт мектептерінде (СМ) – 82 (оның ішінде ауылдық жерде – 700, жекеменшік – 20). Бұл спорттық нысандар тұрғындарға дене шынықтыру және спортпен айналысуға қолайлы жағдай жасайды.

Атап айтқанда, Жетісу облысында 13 стадион, 3 спорт сарайы, 4 спорттық құрылымдар кешені, 26 спорт кешені (оның ішінде 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені), 2 шаңғы базасы, 7 атыс тирі, 17 хоккей корты, 943 жазықтық құрылым, 11 теннис корты, 1 ипподром, 18 бассейн қызмет көрсетуде. Бұл нысандардың саны мен түрлері тұрғындардың спортпен айналысу мүмкіндіктерін кеңейтуде.

Облыста қазіргі таңда 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (ДШСК) қолданыста: Панфилов ауданының Жаркент қаласында, Алакөл ауданының Үшарал қаласы мен Достық ауылында, Көксу ауданының Балпық би ауылында, Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында және Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында. 2024 жылы Алакөл ауданының Достық ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені іске қосылды.

2023 жылы облыста "Халықты 1000 адамға шаққандағы спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілуі" көрсеткіші 52,8%-ды құрады. Дене шынықтыру-спорт мақсатындағы спорт залдарының жалпы алаңы жалпы білім беру мекемелерінің спорт залдарынсыз – 45435 шаршы метрді құрады, ал қажеттілік – 55891,5 шаршы метрді құрап, спорт залдарының тапшылығы – 10456,1 шаршы метр болды.

Спорттық залдарға тапшылықты жою мақсатында, спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша келесі жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылға облыстық бюджеттен 9 спорттық нысанның құрылысына 5,7 млрд теңге қаражат бөлінді. Текелі қаласында 1 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (ДШСК) және Панфилов ауданы Үшарал мен Сарқан ауданы Алмалы ауылдарындағы спорт кешендерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Талдықорған қаласындағы Орталық стадионды қайта жаңарту жұмыстары да қолға алынған және 2024 жылдың сәуір айында пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жеке инвесторлар есебінен Талдықорған қаласында спортшыларға арналған 40 орындық үстел теннисі орталығы мен жатақхана салынуда. 2024 жылы Талдықорған қаласындағы мектеп-интернат-колледжі үшін 50 орындық монша мен кір жуатын орын, сондай-ақ Сарқан және Үштөбе аудандарының Сарқан қалаларында фитнес орталықтар (ФОК) салу, Алакөл ауданының Лепсі ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (ДШСК) қазандығын салу жоспарлануда.

2024 жылға қарай 7 блоктық-модульдік спорт кешенінің құрылысын бастау жоспарлануда: Алакөл ауданында 1, Ескелді ауданында 3, Кербұлақ ауданында 1, Талдықорғанда 2 нысан. Сонымен бірге, "Қазақстан Халқына" ҚҚ демеушілігімен Панфилов ауданы Көктал және Ақсу ауданы Қапал ауылдарында ангар типтес спорт нысандарының құрылысы басталды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2022 жылғы 20 қазанда Жетісу облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасы бойынша шаңғы-биатлон спорт кешенінің жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Жобаның әзірлеу құны 128,8 млн теңгені құрап, оның ішінде 2023 жылы 10 млн теңге игерілді. Жобалаудың нормативтік мерзімі 14 айды құрап, 2024 жылдың маусым айының соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Жетісу облысында спорттық инфрақұрылымды дамыту мен бұқаралық спорттың дамуы тұрғындардың салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік беріп, өңірдің жалпы денсаулық көрсеткіштерінің жақсаруына септігін тигізеді. Спорт нысандарының саны мен сапасының артуы тұрғындарға дене шынықтыру және спортпен айналысуға кең мүмкіндіктер жасап, облыс деңгейінде спорттық жетістіктерге жетуге жол ашады.

Жетісу облысында салауатты өмір салтын насихаттау және бұқаралық спортты дамыту мақсатында түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Облыс қалалары мен аудандарында спорт түрлері бойынша спартакиадалар, турнирлер, біріншіліктер тұрақты түрде өтеді. Қазіргі уақытта облыста 865 дене шынықтыру және спорт ұжымы бар, оларда 273669 адам спортпен шұғылданады. Бұл көрсеткіш облыс халқының 39,2 пайызын қамтиды.

Ұлттық спорт түрлерін дамыту

Жетісу облысында ұлттық спорт түрлері де кеңінен дамуда. Облыста ұлттық спорт түрінен 847 секция жұмыс істейді, оларда 24486 адам жүйелі түрде спортпен шұғылданады, оның ішінде 16655 ауылдық жерде. Ұлттық спорт түрлерімен айналысатын халықтың үлесі 8,9 пайызды құрайды. Бұл секциялар ұлттық мұраларды сақтап, халық арасында спортқа деген қызығушылықты арттырады.

Мүгедектер спорты

Жетісу облысында мүгедек спортшыларға арналған спорт түрлері бойынша айналысатын адамдар саны артып келеді. «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» КММ-де 24 спорт түрімен спортшылар шұғылданады. Облыста мүгедек спортшылардың саны жыл қорытындысы бойынша 1386 адамды құрады, бұл спортпен айналысуға қарсы көрсетілімі жоқ мүгедектер санының 13,3 пайызын құрайды. Жарыстарда жақсы нәтиже көрсеткен үздік 48 спортшы Жетісу облысы әкімінің қаулысына сәйкес ай сайын ақшалай сыйақысын алады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысы 16 халықаралық және 34 республикалық жарыстарға қатысты.

Қысқы спорт

Жетісу облысында қысқы спорт түрлері де дамып келеді. Алакөл ауданы Лепсы ауылының және Сарқан мен Алакөл аудандарының спорт мектеп-интернаттары шаңғы жарысы бойынша жұмыс істейді. Сонымен қатар, "№1 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" керлинг, шорт-трек және шайбалы хоккеймен айналысады. Облыста қазіргі таңда 188 секция бар, оларда 7 қысқы спорт түрі бойынша 3727 спортшы шұғылданады, оның ішінде 2506 ауылдық жерде. Бұл жалпы спортпен шұғылданушы халық санының 1,4 пайызын қамтиды. 2023 жылы Талдықорған қаласында заманауи жабық мұз кешені – «Жетісу – Арена» ашылды.

"Арт спорт" бағдарламасы

ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, спорттық тапсырысты жан басына қаржыландыру бағдарламасы жалғасуда. Жетісу облысында мемлекеттік спорттық тапсырыстарды іске асыру үшін жергілікті бюджеттен 1 млрд. 300 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражат 9021 ваучерді қамтиды, оның ішінде 3827 ауылдық жерлерде. Бөлінген бюджет бойынша облыста 18 спорт секциясы қызмет көрсетеді. 2023 жылдың қараша айында 45 өнім беруші қызмет көрсетіп, оның ішінде 16 өнім беруші ауылдық жерлерді қамтиды, 9021 балаға қызмет көрсетілді, оның 3827 ауылды жерде.

Жетісу облысында дене шынықтыру және спортты дамытуға бағытталған осындай кешенді шаралар халықтың денсаулығын жақсартуға, спортпен шұғылдану мүмкіндіктерін кеңейтуге және өңірдегі спорттық инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?