“Бүгін Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы-драматург, киносценарист Әкім ТАРАЗИ тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды. К.Байсейітова атындағы Ұлттық Өнер Университетінде “Әкім Тарази атындағы Мәжіліс залы” ресми ашылды.
Әкім Тарази ағаларын құрмет тұтқан замандастары, мемлекеттік қызметкерлер, сенатор, Мәжіліс депутаттары, қаламдас інілері мен театр, кино майталмандары бас қосты.
Бұл ерекше күнді жадырап қарсы алдым, себебі бүгінгі жиынға келген аяулы бауырлардың жүрекжарды сөздерін тебіреніп тыңдадым.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлтымыздың өнер қайраткерлеріне мемлекеттік деңгейде ерекше қолдау көрсетіп отыр. Игі шаралардың жоғары деңгейде өтуіне барынша күш салған Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға, Астана қаласының Әкімі Жеңіс Қасымбекке, Университет ректоры Ғалым Ахмедьяровқа зиялы қауымның , қаламгер қауымның атынан разылығымды білдіремін! Баршаңыздың отбастарыңызға амандық тілеймін!”,- деп ризашылығын білдірді Роза Мұқанова.
Бүгін көрнекті қаламгер Әкім Тарази тұрған үйге ескерткіш тақта қойылды
«Бишімбаевтың ісі тағы қайталануда. Дереу қамауға алу керек!»: Шудағы оқиға елді шошытты
14:32, 26 қараша 2026
Тұмау мен ЖРВИ белең алды: Елімізде мектеп оқушылары қашықтан оқуға жіберіле ме?
10:58, 26 қараша 2026
«Ресейдің ұлы держава ретінде алдыңғы қатарға шыққанына қуандым» – Қасым-Жомарт Тоқаев
09:46, 26 қараша 2026
«Алтын медаль жеңіп алды»: Нариман Курбанов Мәскеудегі халықаралық турнирде топ жарды
22:00, 25 қараша 2026
«1 алтын, 2 күміс, 2 қола»: Отандық дзюдошылар Ташкентте бес медаль жеңіп алды
17:00, 25 қараша 2026