Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“15 жасында 71 жастағы туысынан жүкті болған” - Түркістандағы сұмдық оқиға туралы тың ақпарат шықты (ВИДЕО)

15:33, 21 қазан 2025 248

Түркістан облысында адам шошырлық жағдай тіркелді. 15 жастағы қыз 71 жастағы туған туысынан жүкті болған. Бұл жайтты отбасы жүктіліктің жетінші айында бір-ақ білген, деп хабарлайды Alash.kz. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Келес ауданының тұрғыны кәмелетке толмаған қызына қатысты жасалған заңсыз әрекет жөнінде полицияға арыз түсірген. Арыз негізінде Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен іс қозғалған.

Тергеу барысында 71 жастағы күдікті анықталып, ұсталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір барлық мән-жайларды анықтау үшін тергеу және жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Полиция бұл істі ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар