Батыс Қазақстан облысында оқушы TikTok-тағы лайктар үшін қатарласын пышақтап тастады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Батыс Қазақстан облысына қарасты Подстепное ауылындағы мектепте екі оқушы арасында жанжал болып, соңы пышақ жарақатымен аяқталды.
Ауыл тұрғындарының айтуынша, екі оқушы мектептің дәретхана маңында сөзге келіспей қалған. Даудың басы бұған дейін өткен күзгі бал кезінде басталып, TikTok-тағы лайктарға байланысты өршіген.
Жараланған оқушы өз күшімен жедел жәрдем көлігіне жетіп, дәрігерлер медициналық көмек көрсеткен. Қазір оның жағдайы тұрақты.
Күдікті ретінде кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды. Полиция оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізіп жатыр.