Иранның Жоғарғы көсемі аятолла Әли Хаменей АҚШ президенті Дональд Трамптың Палестинаға жасаған сапарын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Alash.kz.
«АҚШ президенті оккупацияланған Палестинаға барып, арып-ашыған, шаршап-шалдыққан сионистердің көңілін көтеріп, өзінің бос былшылдарымен олардың рухын көтеруге тырысты», – деді Хаменей.
Оның айтуынша, Вашингтонның мұндай әрекеті Таяу Шығыстағы шиеленісті одан әрі күшейтіп, Израильдің агрессивті саясатын қолдауға бағытталған.