АҚШ-та Денвер – Лос-Анджелес бағытымен ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағына метеорит соғылып, әуе кемесі Солт-Лейк-Сити әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Оқиға шамамен 11 шақырым биіктікте болған. Соққы салдарынан ұшақтың алдыңғы әйнегі сынған, ал әйнек сынықтарынан бір ұшқыш жарақат алған.
Бортта болған 140 жолаушының барлығы дін аман. Ұшақ әуежайға қауіпсіз қонғаннан кейін, жолаушылар басқа рейспен жолдарын жалғастырды.
Оқиға бойынша әуе компаниясы мен федералды авиация басқармасы тексеріс бастаған.