Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жасанды интеллект кесірі: Украиналық ару өзінің түрін қытайлық жарнама видеоларынан көрген

16:09, 17 мамыр 2024 458

Украиналық Ольга Лоек өзінің бет-бейнесін қытайлық жарнамалардан көріп қалған, деп хабарлайды Alash.kz. Stan.kz сілтеме жасап.

Ольганың түр-әлпеті 35 аккаунтта қолданылған. 

"Менің мұндай сұмдық дүниелерді айтып жатқанымды біреулердің көргенін қаламас едім. Ресей жарнамасы үшін украин қыздың бетін пайдалану - бұл жай ғана абсурд. Мен өз түрімді көріп, дауысымды естідім. Бірақ мен үшін мұның бәрі өте жиіркенішті болды, өйткені маған мен ешқашан айтпаған сөзді айтқызған", - деді АҚШ-тағы Пенсильвания университетінде оқитын 21 жастағы украиналық студент Ольга Лоек.

Оның видеоларын жариялаған аккаунттарда қызға әртүрлі есімдер берілген. Біреуінде София болса, келесілерінде Наташа, Эйприл, Стейси деп атаған. Бұл кейіпкерлердің барлығы Ольга мүлде білмейтін солтүстік қытай тілінде (немесе мандарин тілінде) сөйледі. Бірақ олардың бәрі орыс-қытай достығын мадақтаған немесе ресейлік тауарларды жарнамалаған.

"Мен бұл видеолардың  90%-ға жуығы Қытай мен Ресей туралы, екі елдің достығы, олардың сенімді одақтас болу қажеттігі туралы айтатынын түсіндім. Сондай-ақ олар азық-түлік өнімдерін де жарнамалады", - дейді Ольга.

Ең танымал аккаунттардың бірі "Наташадан импортталған өнім" деп аталды, оған 300 мыңнан астам пайдаланушы жазылған.

Арасында Наташа арнасының жүргізушісі: "Ресей - әлемдегі ең мықты мемлекет. Басқа елдердің Ресейден теріс айналып жатқаны қынжылтады. Орыс әйелдері Қытайға келгісі келеді" дейді. Артынша орыс тәттілерін жарнамалай бастайды.

Ольга үшін бұл қорлау болды, өйткені оның отбасы Украинада тұрады. Және ол Ресей әскерлері басып кірген өз елін барлық жағынан қолдайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар