Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Жарқанаттардан адамға жұғатын вирус тарады

Жарқанаттардан адамға жұғатын вирус тарады

Марбург вирусы туралы Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады, деп хабарлайды Alash.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа қауіпті инфекция –  Марбург вирусының өршуі туралы ескертуіне байланысты эпидемиологиялық жағдайды бақылауды күшейтуде.

ВИРУС ҚАЙДАН ТАРАҒАН

Індеттің қаупі туралы ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова мәлімдеді.

Марбург вирустық ауруы – адамдарға да, басқа приматтарға да әсер ететін сирек кездесетін, ауыр вирустық геморрагиялық қызба. Вирус табиғатта жарқанаттарда кездеседі және жарқанаттардан адамдарға берілуі мүмкін.

Марбург қызбасының табиғи ошақтары –  Оңтүстік, Батыс және Орталық Африка елдері: Оңтүстік Африка (Оңтүстік Африка Республикасы), Габон, Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Либерия, Гвинея, Зимбабве, Кения.

Аурудың клиникалық көріністері вирусты жұқтырғаннан кейін 2-21 күннен кейін пайда болады.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 1
  • 0
  • 0
  • 0
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар