Астаналық волонтерлер белгісіз ер адамның мәйітін тапқан, деп хабарлайды Alash.kz.
«Еуропа нәсілді ер адамның мәйіті табылды», – деп жазды волонтерлер.
Олардың айтуынша, ер адамның жасы шамамен 50-60-та, бойы 170 см, сондай-ақ оның тістері болмаған.
Астана қалалық Полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
«102 арнасына жер үй маңынан өлі ер адамның жатқанын хабарлаған қоңырау түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері белгісіз ер адамның мәйітін тапты», – деп мәлімдеді полиция.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары марқұмның жеке басын және оның өліміне байланысты мән-жайларды анықтап жатыр.