АҚШ-тың Огайо штатында 13 жастағы қызды айуандықпен өлтірді, деп хабарлайды Alash.kz The New York Post-қа сілтеме жасап.
Бұл қылмысқа оның әкесі күдікті деп танылды. Қыздың денесі жоғалғаннан алты күн өткен соң табылды. Полиция бұл оқиғаны ең қорқынышты істердің бірі деп атады.
Жақында 14 жасқа толуы керек болған Кейманиді өртке оранған үйдің екінші қабатынан өлі күйінде тапты. Оның қолдары кесілген, ал басы дерлік толықтай шабылған. Сот-медициналық сараптама өлімнің себебі мойнындағы көптеген кесілген жарақаттар болғанын анықтады.
Қыздың әкесі Дарнелл Джонс бұған дейін журналистерге 16 наурызда соңғы рет қызымен сөйлескенін айтқан.
Оның айтуынша, қызы жалғыз қалудан қорқатынын айтып, оған қоңырау шалған. Сондай-ақ ол қызы үйге біреулер кірмек болғанын айтқанын мәлімдеген.
Алайда, қыздың денесі табылған соң, Джонсқа кісі өлтіру және зорлау баптары бойынша айып тағылды.