Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Жаңа адамдар» букмекерлік кеңсенің жарнамасын «шындық баннерімен» жауып тастады

10:29, 15 наурыз 2024 402

Елімізде құмар ойындарынан келетін қауіптің өте ауқымды екені бәріне белгілі. Соның ішінде осы құмар ойындары өз денсаулығынан артық қарайтындар да жетіп артылады. Біздің елде соңғы жылдарда құмар ойындар нарығы бірнеше есеге өскен, әрі Қазақстандықтар жүз миллиардқа жуық теңгеге ұтылып қалған. Лудомания отбасыларды бұзады, халықты перманентті экономикалық және тұлғалық кризиске ұшыратып, басқа да тәуелділік түрлеріне, атап айтқанда, маскүнемдік, есірткіге тәуелділік, селфхарманы қоздырып, өзін-өзі өлтіруге дейін алып келеді. Статистика бойынша, құмар ойынға тәуелді адамдардың 40% отбасынан айырылса, 20% түрлі қылмыстар жасауға барады. Әдеттегі құмар ойыншының орта есеппен қарызы 10 миллион теңгені құрайды. Букмекер кеңселерінің шынайы жарнамасы осылай болу керек.

Адамдар аз уақытта тез байып кетудің жолын іздейді. Өздері еңбектеніп дамығысы келмейді. Сөйтіп құмар ойындардың қармағына түсіп қалады. Елімізде Жаңа адамдар жастар қозғалысы деген ұйым бар. Аталған ұйым құмар ойындармен күресудің жолдарын айқындап, адамдарға жол сілтеуде. Атап айтуға тиіс "Ставки на стоп" жобасы Астанадағы танымал букмекер кеңсесінің жарнамалық баннерін құмар ойындарының барлық көрінісін ашатын өздерінің «шындық баннерімен» жауып тастады.  

Жаңа адамдар белсендісі Ғарифоллаев Мейіржанның айтуынша, букмекерлердің құрығына түспеудің жалғыз жолы - оңай шешімдерге сенуді тоқтату.


"Қазір елімізде букмекерлік кеңселердің жарнамасын шектеу туралы заң талқыланып жатқанын білеміз. Осы алдаумен бар күшімізбен күресіп, адамдарды бұл қауіпті тәуелділіктен алып шығу маңызды. Бір нәрсені түсінуіміз керек: букмекерлік кеңселердің қулығына түсіп қалмау үшін тез әрі оңай жолмен келетін ақшаға сенуді тоқтату керек. Байлыққа жетудің оңай жолы жоқ. Біздің өзіндік шығармашылығымыз, еңбексүйгіштік пен прагматизм - міне нағыз байлыққа жету жолдары. Шындыққа тура қарай білейік",- деді ол. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар