Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ішімдікке салыну: Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің барлық сырын ашты

08:44, 07 қаңтар 2025 1781

Танымал журналист, тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы Дина Төлепбергенге берген сұхбатында күйеуінің неден қайтыс болғанын айтты, - деп хабарлайды Alash.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Ләйлә Сұлтанқызы жайлы халықты қызықтыратын сұрақтардың бірі - күйеуі Қайрат Беркінбаевтің өлім себебі. Дина Төлепберген халық арасында инфаркт және ішімдікке салыну деген екі гипотеза кең тарағанын айтты.

Тележүргізуші екеуін де жоққа шығарды.

"Мен дұрысын айтайын. Тромбоэмболия. Маған бұл диагнозды түсіндірді. Ол ковидтан кейін байқалды. Негізі ол вакцина алды. Бірақ ковидпен қатты ауырып шықты. Инфаркт емес", - деді ол.

Ләйлә Сұлтанқызы жолдасының соңғы сәтін еске алды.

"Қарашада каникул кезінде маған балаларды қыдыртып кел деді. Сөйтіп, 3-4 күнге Ыстамбұлға жіберді. Ол бізді әуежайға апарып тастады. Ешқашан шығарып салмайтын. Дәл сол күні шығарып салғысы келді. Суретке түстік", - дейді тележүргізуші.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар