Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Іс дұрыс қаралмайынша Жайықтың жағасынан кетпеймін: Марқұм Мерланның анасы халыққа үндеу жолдады

16:12, 20 қараша 2024 2131

Ұлымды суға батырып өлтірді” деген атыраулық ана Анаргүл Қасантаева тергеу бір орыннан жылжымай жатқанын айтып, тағы да желіде үндеу жолдады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы Ulysmedia.kz сілтеме жасап.

– Бұл іс қолға алынбаса, Жайықтың жағасынан кетпей, осы жерде отырамын. Балалардың сегізі де қамауға алынсын! Былай да, былай да айттым. Іс дұрыс жүріп жатқан жоқ. Екі тергеуші ауысты. Екеуі де дұрыс тергеген жоқ. Бір тергеуші оларға “Жәке, балаңды жібересің бе, жауап алу керек болып тұр” дейді. Сонда тергеушілерге бәрі Бәке, Сәке болып кетті ме? Үшінші тергеуші тағайындалды. Оның бет-жүзін көрген жоқпын. Менен дұрыс жауап алған жоқ. Іс қалай жүріп жатқанын білмеймін! Жалғыз балам жер астында жатыр. Мен осында отырамын, – дейді марқұмның анасы.

 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар