Аятолла Хаменеи бірнеше күннен бері көпшілік алдына шықпады. Ол АҚШ-тың ядролық нысандарға жасаған соққылары жайында не Израильмен атысты тоқтату туралы түсініктеме берген жоқ. Тіпті оның ресми X парақшасында дүйсенбіден бері үнсіздік басты.
Бұл үнсіздік ауыр сырқаттан басталып, жасырын төңкеріске дейінгі қауесет шығуына себеп болды. Хаменеи кеңсесінің өкілі тек: «Біз бәріміз дұға етуіміз керек» деген. Бұған қоса жақын арада аятолламен бірге «Израиль және АҚШ-ты жеңгенін» тойлайтынына сенім білдірді.
Bild баспасының жазуы бойынша, Дональд Трамп та, Режеп Тайып Ердоған да келіссөздер жүргізу үшін Хаменеимен байланыса алмаған. Нәтижесінде АҚШ Иранның үш нысанасына соққы жасады. Бірақ көп ұзамай бітім келіссөздері болды. Бұл Хаменеи әлі де елді басқарып отыр ма деген күмән тудырды.
«Нью-Йорк Таймс» газеті Иранда ішкі жанжал қазірдің өзінде басталып кеткенін жазды. Әскерилерден бастап саясаткерлерге дейін ықпал етуші күшке айналу үшін күресіп жатыр.
Иранда билік үшін күрес басталып кетті
17:40, 26 маусым 2025
Ашық дерекөздерден
Соңғы жаңалықтар
«Нағыз сорлы еркектің тірлігі»: Жеңіс Ысқақова әйелін сабайтындарға шүйлікті (ВИДЕО)
21:11, 25 тамыз 2026
«Тоқаевты Майамиде күтетінін айтты»: Америкалық делегация Трамптың сәлемін жеткізді
21:00, 25 тамыз 2026
«Екі ақиқат бар…»: Жұлдыз Әбдікәрімова отбасындағы ауыр жағдай туралы айтты (ФОТО)
18:04, 25 тамыз 2026
«Арттарында балалары қалды»: Сырдария өзенінен ағайынды жігіттердің мәйіті шығарылды
16:58, 25 тамыз 2026