Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Иран "Ормуз бұғазын жаптық" деп мәлімдеді, АҚШ жауап беріп, әуеден атқылағанын хабарлады

11:00, 12 шілде 2026

Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусы (КСИР) Ормуз бұғазының жабылғанын жариялады. Ресми мәлімдемеде бұған шетелдік кеменің тыйым салынған бағытпен жүруге әрекеттенуі себеп болғаны айтылған, деп жазды Alash.kz. 

КСИР-дің хабарлауынша, шетелдік күштердің ықпалымен бірнеше кеме белгіленген бағытты бұзып, ескертулерге қарамастан бағытын өзгертуден бас тартқан. Соның салдарынан теңіз қауіпсіздігіне қауіп төндірді делінген бір кеме навигациялық жүйелерін өшіргеннен кейін соққыға ұшырап, тоқтатылған.

Иран тарапы Ормуз бұғазы АҚШ аймақтағы араласуын тоқтатқанға дейін жабық болатынын мәлімдеді.

Өз кезегінде АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) Иранға қарсы жаңа әуе соққыларын жасағанын хабарлады. АҚШ бұл әрекетін Ормуз бұғазы арқылы өтіп бара жатқан Кипр туымен жүзген GFS Galaxy контейнер тасымалдаушы кемесіне жасалған шабуылға жауап деп түсіндірді.

CENTCOM мәліметінше, шабуыл салдарынан азаматтық экипаж мүшелерінің бірі із-түзсіз жоғалып кеткен. Сонымен қатар кемеде өрт шығып, машина бөлімі қатты зақымданғандықтан, ол сапарын жалғастыра алмай қалған.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар