Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Хостелде студенттер мен жұмысшылар тұрған

05:50, 30 қараша 2023 231
Бұл туралы Алмалы ауданының әкімі Айдар Жақыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды alash.kz.

Оның айтуынша, олардың арасында шетелдік азаматтар да бар. Ол зардап шеккендердің аты-жөні анықталып жатқанын айтты.

«Көбісі студенттер мен жас жұмысшылар. Пәкістан немесе Үндістаннан келген медицина университетінің студенттері де бар», – деді әкім.

Олар басқа хостелдерге орналастырылды.

«Мен екі апта бұрын ағаларыммен Меркіден келгенмін. Өрт басталған кезде дабыл қағылды, айналаның бәрі түтін болды. Бәрі басқа қонақтарды ояту үшін бөлмелерге жүгіріп кетті. Сыртқа қаштық, бірақ әлі өрт көрінбеді. Бірінші қабатта жеті бөлме болды, олардың әрқайсысында жеті адамнан болды. Онда негізінен қазақстандықтар тұрып жатты», – деді хостел қонақтарының бірі.

30 қарашада сағат 05:33-те Алматыдағы Әди Шәріпов көшесінде өрт шыққаны туралы хабар түсті.

Өрт сөндіру бөлімі оқиға орнына 7 минутта жетті. Үш қабатты тұрғын үйдің 1 қабаты мен жертөлесінде өрт шыққан.

Өрттен 13 адам көз жұмған. Болжам бойынша, олар көмірқышқыл газынан уланып қалған. Тағы 59 адам эвакуацияланды.

Әкімдіктің мәлімдеуінше, 3 адам жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді.

56 адам жақын маңдағы мектепке уақытша орналастырылды.

Оларға қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр.

Қайғылы оқиға болған жердің айналасындағы бірнеше көшені полиция қоршауға алды. Жедел топ жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 46 адамы мен 13 техникасы жұмылдырылды.

Өрт пен қазаның себебі анықталып жатыр.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар