Астанада жабық спорт кешенінде доп теуіп жүрген ер адамның үстіне футбол қақпасы құлап, көз жұмғаны жайлы ақпарат тарады, деп жазады Alash.KZ.
Желіде таралған мәліметке сүйенсек, Астанадағы «Достық Арена» спорт кешенінде болғаны айтылған.
Кадрға мән берсек, қақпашы болып тұрған жігіт екі қолымен тартылып, аяғын жоғары көтере берген сәтте темір қақпамен бірге жерге құлап, астында қалды.
Ер адам оқиға орнында көз жұмғаны әрі оның 25 жаста екені айтылды.
Астана қалалық Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.