Белгілі асаба Әлібек Серғалиев FlyArystan әуе компаниясы туралы видео жариялап, қазақстандықтарға үндеу жасады, деп жазады Alash.KZ.
Автор өзі түсірген видеода:
"FlyArystan қызметкерлері мені Семей әуежайында ішке өткізбей тұр. Сондағы себептері қолымдағы костюм-шалбарымның салмағы, бірнеше жүз грам ғана артық шыққан. Артық салмаққа ақша төле, болмаса, үстіңе киіп ал" деді. Мен ақша жоқтықтан емес, сол ақшаны төлемеу үшін әдейі киімді үстіме қабаттап киіп алып, қайтсем де өтемін" дейді асаба.
Серғалиев айтқанын істеді, әуе компаниясына ерегесіп, компания қызметкерлерінің көзінше қолындағы костюм-шалбарды үстіне киіп алып, ішке өтті.
Асабаның айтуынша, бірнеше жүз грамм артық салмаққа сөйлеген компания қызметкерлері жолаушылардың құқығын таптап отыр. Өйткені ұшақтың өзі кешігіп жатыр, бірақ ол үшін FlyArystan ешкімнен кешірім сұрамайды, жауапгершілікті мойнына алмайды дейді.