Қазақтың боксшы қызы Назым Қызайбай Париж Олимпиадасындағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті деп хабарлайды Alash.KZ.
50 келі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық бұрымды боксшы италиялық Джордана Соррентиноны жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды.
Қарсыласы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері италиялық Джордана Соррентино екенін айта кетейік.
Бұл жекпе-жекте Назым Қызайбай төрешілердің бірыңғай шешімімен (29:28, 29:28: 30:27, 30:27, 28:29) жеңіске жетті.
Назым Қызайбай 1 тамызда 1/8 финалдық кезең аясында бразилиялық боксшы Барбоса де Альмейдамен жұдырықтасады.