Төрағаның айтуынша, қандас мәртебесі берілмес бұрын жергілікті атқарушы органның жанынан комиссия құрылады. Оның құрамына жұмыспен қамтуды үйлестіру, білім беру, ішкі саясат және ішкі істер органдары мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің өкілдері, түрлі профессорлар мен сарапшылар кіреді.
Адам өз ұлтын растай алмаған жағдайда осы комиссия оның өтінішін қарап, қандас мәртебесін беру-бермеу мәселесін қарастырады. Біз әзірлеген ережеде мұның бәрі қарастырылған. Онда комиссияға қандай функциялар берілгені, сұхбаттасуды қалай жүргізу керектігі, өз ұлтын растай алмайтын адамға нақты қандай сұрақтар қою керектігі жазылған.
Сондай-ақ комиссия мүшелерінде қандай да бір күмән тудыратын жағдай болса, геномдық сараптама жүргізу қарастырылған. Біздің ережеге сәйкес, (қандас мәртебесін алғысы келетін, – автор) адамды сараптамаға жібереміз. Онда оның қазақ екені анықталады», - деді Асқарбек Ертаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін комитет төрағасы 20 ауқатты этникалық қазаққа «Ата жолы» картасы берілгенін айтқан еді.