Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Қазақстан халқына жолдауын жариялайды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың жолдауын республикалық телеарналардан тікелей эфирде көруге болады.
– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына Жолдау жасайды деп жоспарланып отыр. Президенттің бұл Жолдауында жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы айтылмақ. Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-де республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі. Сондай-ақ «БОРТ N1» тelegram-каналы жиыннан жедел хабар таратады.