Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ерте тұрып, анама көмектеспейсің": Шиеліде күйеуі әйелін ерте оятамын деп соттала жаздады

20:57, 25 қыркүйек 2024 860

Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотында әйелін ұрды деп айыпталған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Alash.kz inbusiness.kz-қа сілтеме жасап.

Белгілі болғандай ер адам әйелін оятып, ұрыс шығарған

"Сотталушы жатын бөлмеде ұйықтап жатқан әйеліне жақындап, оны оятып, ұрыс шығарған. "Ерте тұрмайсың, анама үй шаруасына көмектеспейсің" деп айқай шығарған. Осылайша, ол физикалық ауыртпалық туғызғанымен, денсаулыққа жеңіл зиян келтірген жоқ", – деді сот.

Сотта ер адам өз әрекетін толығымен мойындап, әйелімен татуласуына байланысты істі қысқартуды сұрады. Жәбірленуші де осылай мәлімдеді.

"Сотталушының әрекетінде Қылмыстық кодекстің 10-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқықбұзушылықтар бар. Өлімге әкеп соқпаған қылмыстық құқықбұзушылық немесе онша ауыр емес, орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам жәбірленушімен татуласқан болса, қылмыстық жауаптылықтан босатыла алады", – делінген хабарламада.

Аудандық соттың қаулысымен сотталушы жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылып, қылмыстық іс өндірістен қысқартылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар