Әнші Бағлан Әбдірайымов еркектер туралы пікірімен халықтың сынына ұшырады, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.
Бұл туралы танымал психолог өз парақшасында айтты.
«Еркекті арақ та, ойын да, наша да емес, әйел құртады деген Бағлан мырзаға жауап бергім келіп отыр. Бағлан мырза, еркекті құртатын санасыздығы. Еркекті құртатын жауапкершілігінің жоқтығы. Еркекті құртатын тоқшылығы, тоқшылық болған кезде жан-жағындағы адамдардың жоқшылығын ұмытатын, миындағы бір сана-сезімінің төмендігі.
Барды бар деп бағалай алмай, жоқты жоқ деп көре алмайтын көзінің көрмеуінен, яғни барлығы санаға байланысты. Сондықтан барлық кінәні әйел адамдардан көруден, құрметті ер-азаматтар тоқтатыңыздар. Әйел адам нашар болатын болса, қазақ бұл күнге дейін ұлылығын сақтамас еді. Қазақты мынадай сөз бар, батырды да, патшаны да туатын ол әйел деген. Әйелдерге көп топырақ шаша бермеңіз», — деді ол.