Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ер адамның маңдайына тапанша тақаған «Дикий Арманның» видеосы жарияланды

23 ақпан 2022 169

БАҚ беттерінде «қылмыс әлемінің серкесі» деп сипатталатын Арман Жұмагелдиевтің алдына алып келген адамның маңдайына тапанша тақаған видеосы желіде жарияланды.

Журналист Махамбет Әбжан telegram-арнасында жариялаған бейнебақылау камерасына түскен кадрлардан белгісіз азаматтардың бір адамды «Дикий Арманның» алдына алып келіп, тізерлетіп отырғызғанын, өз кезегінде орындықта отырған Жұмагелдиев оның маңдайына тапанша тақағанын көруге болады.

Видеоға түсіп қалған адамдардың қолдарында ақ мата байланған болды. Еске салайық, Қаңтар қырғыны кезінде «Қазақстан» қонақ үйінде мұқтаждарға азық-түлік таратымын деп жариялаған жазбасында Арман Жұмагелдиевтің қолында дәл осындай ақ мата болған.



Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?