Атырау облысында жұмбақ жағдайда із-түссіз жоғалған отбасы жайлы жаңа дерек шықты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Елді алаңдатқан мәселені зерттеп жүрген журналист Жанат Молдашова желідегі парақшасында тың ақпаратпен бөлісті.
"Күдіктінің ата-анасындағы бес баланы бүгін алып кеткен. Ертең ресми ақпарат сұраймын. Бұған дейін құзырлы органдар "әзірге ата-әжесінде болады, жақын туысы солар" деген еді құзырлы органдар. Балаларды әзірге алмаймыз. Ең жақын адамдары ата-әжесі” деген еді. Бейкүнә балақайларды шырылдатып алып кетті дегенді естудің өзі ауыр болды”,- деп жазды журналист.
"Атырау облысы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" мемлекеттік мекемесінің басшысы пікір білдірді.
"Сұрақтарыңызды осы қақпаның сыртынан қойыңыздар. Бізге облыстық білім басқармасы осылай тапсырма берді. Бұл – жабық мекеме, қақпаның ар жағына кіруге болмайды", – деді орталық басшысы.