Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Бейкүнә балақайлар… Естудің өзі ауыр болды…”: Журналист Атыраудағы трагедия жайлы жаңа дерек айтты

14:30, 03 ақпан 2026

Атырау облысында жұмбақ жағдайда із-түссіз жоғалған отбасы жайлы жаңа дерек шықты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Елді алаңдатқан мәселені зерттеп жүрген журналист Жанат Молдашова желідегі парақшасында тың ақпаратпен бөлісті. 

"Күдіктінің ата-анасындағы бес баланы бүгін алып кеткен. Ертең ресми ақпарат сұраймын. Бұған дейін құзырлы органдар "әзірге ата-әжесінде болады, жақын туысы солар" деген еді құзырлы органдар. Балаларды әзірге алмаймыз. Ең жақын адамдары ата-әжесі” деген еді. Бейкүнә балақайларды шырылдатып алып кетті  дегенді естудің өзі ауыр болды”,- деп жазды журналист.

"Атырау облысы кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы" мемлекеттік мекемесінің басшысы пікір білдірді.

"Сұрақтарыңызды осы қақпаның сыртынан қойыңыздар. Бізге облыстық білім басқармасы осылай тапсырма берді. Бұл – жабық мекеме, қақпаның ар жағына кіруге болмайды", – деді орталық басшысы.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар