Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Енді Қазақстан азаматтары Үндістанға 30 күнге дейін тегін виза ала алады

17:25, 02 ақпан 2026

Қазақстан азаматтары енді Үндістанға бару үшін визаны тегін рәсімдей алады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Үндістан Республикасының Үкіметі Қазақстан азаматтарына 30 күнге дейінгі мерзімге тегін туристік визалар, медициналық визалар және медициналық сүйемелдеу визаларын беру туралы шешім қабылдады. 

«Аталған визаларды Қазақстан Республикасының азаматтары онлайн e-Visa жүйесі арқылы, сондай-ақ Үндістан Республикасының Астана және Алматы қалаларындағы дипломатиялық өкілдіктерінде немесе шетелдегі миссияларында қағаз форматта рәсімдей алады»,- делінген хабарламада.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар