Атырау облысында жұмбақ жағдайда із-түссіз жоғалып кеткен отбасы әлі де іздестіріліп жатыр, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
Журналист Жанат Молдашова Алаш Орда YouTube-арнасына сұхбат берді.
Сұхбат барысында басты күдікті ретінде танылған Сұлтан Сәрсемалиевке байланысты "Құқық қорғау органдары Сұлтанды елге қайтаруы қаншалықты мүмкін?" деген сұрақ қойылды. Бұл сұраққа Жанат Молдашова былай деп жауап берді:
"Менің болжамым бойынша, мүмкін ұсталған да болар. Ол күдікті ұсталып, елге қайтару процестері жүріп жатқан сияқты көрінеді. Бұл менің ғана болжамым, білмеймін", – деді журналист.